Search

Үздік ЖОО оқытушысы байқауының бірінші кезеңі басталды



«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауының бірінші кезеңі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.


Конкурсқа ғылыми-педагогикалық салада үздіксіз 5 жылдық еңбек өтілі бар және қызметте жоғары жетістік көрсеткен профессорлық-оқытушылық құрам қатыса алады.


Байқаудың мақсаты – ЖОО оқытушыларының кәсіби-педагогикалық мәдениетін арттыру, оқытушылардың одан әрі кәсіби дамуына деген мотивациясын арттыру.


Конкурс екі кезеңнен тұрады: 2020 жылдың 12-30 қарашасында жоғары оқу орындағы кезең; 2020 жылдың 4-15 желтоқсанында республикалық кезең.


Конкурсқа құжаттар universitycontest.iac.kz ақпараттық жүйесі арқылы тапсырылады. Оларды ЖОО қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамының өкілдерінен тұратын сараптамалық топ мүшелері тексереді.


Комиссия сараптама тобының қорытындысы негізінде шешім шығарып, үміткерлердің құжаттамасын республикалық кезеңге қатысуға жібереді. Еске сала кетсек, ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев аталмыш байқау ережесінің өзгергенін айтты.

© 1999-2019  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon