Search

2021 жылы қазақстандық ЖОО-лар өз үлгісіндегі дипломдар береді



2021 жылдан бастап Қазақстандағы жоғары оқу орындары өз үлгісіндегі дипломдар беріп, сапа жауапкершілігін көтереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте айтты.


«Қазіргі уақытта Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде 128 ЖОО бар, оның 56-сы мемлекеттік, 72-сі – жекеменшік. Сонымен бірге, білім беру сапасын арттыру кезінде меншік нысанына аса мән бермей отырғанымызды айтқым келеді. Осыған байланысты жоғары оқу орындарының академиялық дербестігі кеңейіп жатыр. «100 нақты қадамның» 78 қадамын орындау үшін 2018 жылы ЖОО академиялық дербестігін кеңейтетін заң қабылданды. Осы Заң арқылы ЖОО-ларға өздерінің білім беру бағдарламаларын құруға, оқытушыларға қойылатын біліктілік талаптарын анықтауға мүмкіндік берілді», - деп атап өтті вице-министр.


Нәтижесінде жоғары оқу орындарының академиялық дербестігі 85% дейін кеңейтілді. ҚР БҒМ Білім беру бағдарламалары тізілімінде ЖОО-лар 99 бағдарлама тіркеді.


«Осы заң арқылы заңға тәуелді актілер деңгейінде жүйелі өзгерістер қабылданды. ЖОО-лар ұсынатын білім сапасы үшін жауапкершілік алу мақсатында ЖОО-лардың академиялық дербестігі кеңейтілді. Одан бөлек, ЖОО-лар 2021 жылдан бастап өз үлгісіндегі дипломдарды беретін болады», - дейді Мирас Дәуленов.

© 1999-2019  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon