Search

Түркістан облысында 500-ден астам ерекше бала қашықтан білім алып жүр



Түркістан облысында ерекше білім беруді талап ететін балаларға 7 арнайы мектеп қызмет көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Оның ішінде зерде бұзылыстары бар балаларға 3 мектеп-интернат, есту қабілеті бұзылған балаларға арналған 1 және сөйлеу қабілеті нашар оқушыларға арналған 3 білім ұясы бар.


Аталған мектеп- интернеттарда жалпы 1377 бала білім алуда. Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасының мәліметінше, барлық мекемелер психологиялық-педагогикалық түзету көмегімен қамтылған.


Эпидемиологиялық ахуалға байланысты балалардың 500-ден астамы қашықтан білім алуда. Әрқайсысы планшетпен қамтамасыз етілген. Мектеп-интернаттар халық арасында сырқаттану деңгейінің тұрақты төмендеу үрдісі байқалса, санитарлық талаптарды сақтай отырып аралас және штаттық оқыту форматына біртіндеп көшеді.

© 1999-2019  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon