Search

Түркістанда зияткерлік мектеп ашылды


Түркістан қаласында «A.Q. ORDA» зияткерлік мектебі салтанатты түрде ашылып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа білім ұясы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтерген. Онда 1-6 сынып оқушыларына дәріс қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі.

Мектепте пәндер тереңдетіп оқытылумен қатар хореография, вокал, робототехника, қаржылық сауат сынды түрлі үйірмелер де жұмыс істейді.

Тіпті, домбыра және шахмат жеке пән ретінде енгізілген. Оқу ордасында өз саласының білікті ұстаздары сабақ береді. Арасында шет елдерде білім алғандары да бар.

Мектептің ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов түркістандықтарды жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, педагогтардың еңбегіне шығармашылық табыс тіледі.

Ақылы негізде оқытатын мектеп бүгінде жұмысын бастады.

© 1999-2019  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon