Search

Білім министрі бейнебақылау жүйесіндегі кемшіліктерді жоюды тапсырды



Еліміздің білім ордаларындағы бейнебақылау жүйесінде болған кемшіліктер 2 айдың ішінде жойылуы тиіс. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Балабақшада болсын, мектепте болсын, коледжде болсын бейнебақылау қауіпсіздік үшін өте маңызды. Өткен жылы білім ошақтарының бейнебақылаумен қамтылуы 75 пайыз болса, қазір 99 пайызға жетті. Бірақ, бізге саны емес, сапасы керек», - деді Асхат Аймағамбетов министрліктің аппарат кеңесі барысында.


Сондықтан да ол Ішкі істер және Білім министрліктерінің бұйрықтары шыққанын атап өтті.


«Осы құжатқа байланысты нақты талаптар қойылған. Бейнебақылау жүйелері осы талаптарға сай болуы керек. Сол себепті біз бұл мәселені екі айдан кейін, желтоқсан айында қарайтын боламыз. Екі айдың ішінде анықталған кемшіліктерді жоюды тапсырамын. Бұл мәселені бақылауда ұстауларыңыз қажет деп санаймын», - деді министр.


Айта кетерлігі, аппарат кеңесі барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің басшысы Гүлзат Көбенова мемлекеттік 20 балабақшада, 507 жекменшік балабақшада және72 мектепте бейнебақылау жүйесінің жоқтығын, ал кейбір мектептерде аталған жүйе кемшіліктермен орнатылғанын айтқан еді.

© 1999-2019  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon