Search

«Болашақ» бағдарламасы: Әлем елдерінің ЖОО-лары қалай іріктеледі


Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов «Болашақ» бағдарламасы бойынша әлемдік жоғары оқу орындары қалай іріктелетіні туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«2020 жылға арналған «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындары, шетелдік ұйымдарының тізімі бірқатар өлшемшартқа сәйкес жасақталған. Атап айтқанда оқу орнының халықаралық академиялық рейтингтері: QS World University Rankings, Academic Ranking of World Universities, Times Higher Education World University Rankings, The U.S. News & World Report Best Global University Ranking соңғы жарияланымына сәйкес кемінде екеуінің алғашқы 100 орнының қатарына кіруі тиіс. Сонымен бірге экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мүше-мемлекеттері аумағында орналасқан оқу орны – U.S. News & World Report Best Global University Ranking басылымының дерегі бойынша әлемдегі үздік университеттер рейтингінің жаһандық 65 балдан кем емес бағалау нәтижесіне (Global Score) ие болуы керек», - деді вице-министр ҚазАқпарат агенттігінің ресми сауалына берген жауабында.


Еске сала кетсек бұған дейін «Болашақ» халықаралық стипендиясына ие болған үміткерлер тізімі жарияланған болатын.

© 1999-2019  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon