Search

Үш облыста карантинге байланысты мұғалімдердің біліктілік тестілеуі кейінге қалды



Карантинге байланысты үш облыс мұғалімдерін ұлттық біліктілік тестілеуден өткізуді әлі бастаған жоқ. Бұл туралы БҒМ мектепке дейінгі және орта білім комитетінің басшысы Майра Мелдебекова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Еліміздегі карантинге байланысты үш облыс мұғалімдерді ұлттық біліктілік тестілеуден өткізуді әлі бастаған жоқ. Олар: Атырау, ШҚО және Алматы облысы. Екі күнде жалпы педагогтар 92083 аса тапсырыс беріп отыр. Олар екі күнде 3900 мұғалім тесттен өтті. Министрлік тестілеу орталығымен бірлесіп, мәліметтердің бәрін зерттеп, қанша мұғалім тестен өтті, қаншасы қандай сұрақтардан өте алмай қалғанын анықтап, талдау жұмыстарын жасайды», - деді Майра Мелдебекова онлайн баспасөз мәслихатында.


Айта кетсек, мұғалімдердің ұлттық біліктілік тестілеуі 2 маусым мен 15 тамыз аралығында өтеді.


Бұған дейін Шолпан Қаринова биыл ұлттық біліктілік тестілеуден 160 мың мұғалім өтетінін хабарлаған болатын. Сынақтан өткен мұғалімдердің жалақысы 1 қыркүйектен бастап көтеріледі.

© 1999-2019  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon