Search

Оқушы мен мұғалім кері байланысты Kundelik, Bilimal, Mektep жүйелері арқылы орнатады


Елімізде мектеп оқушыларына арналған 200-ге жуық телевизиялық сабақ дайын.


«Негізгі контент ретінде телевизиялық сабақтар, дайын цифрлық ресурстар ұсынылады. Телевизияға 2 мыңнан астам сабақ түсіріледі. Қазіргі таңда 200-ге жуығы дайын. Бұл ресурстардың барлығы педагогке қосымша ақпарат болып табылады. Негізгі қашықтан оқыту процесі әр мектепте жасалған сабақ кестесіне сәйкес өтеді. Сабақтың өткізу ұзақтығы – 30 минут. Оқушы, мұғалім, ата-ана кері байланысты Kundelik, Bilimal, Mektep жүйелері арқылы орнатады. Барлық методикалық нұсқаулықтар дайын», - деді ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.


Айта кетсек, 6 сәуірден бастап оқушылар үшін EL ARNA және Balapan телеарналарынан видеосабақтар көрсетіледі.


Ақпарат көзі: 24.kz

© 1999-2019  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon