Search

ҰТО басшысы жемқорлық туралы хабарлағандарға өз қалтасынан сыйақы жариялады


Жемқорлық туралы хабарлағандарға өз қалтамнан 100 мың теңге беруге дайынмын. Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Дидар Смағұлов осындай мәлімдеме жасады. Қызметіне 8 ай бұрын кіріскен ол қарамағындағылардың бармақбасты, көзқысты әрекеттерге барғанын жоққа шығарды.


Смағұловтың айтуынша, тексеру нәтижесінде Ұлттық тестілеу орталығы сұрақ-жауаптарын сатып жатыр деген мәлімет расталған жоқ. Сондықтан осындай әрекеттер байқалған жағдайда оған хабарланса сыйақы беруге дайын. Бұдан былай ұлттық бірыңғай тестілеу кезіндегі бейнежазбалар 1 ай бойы сақталады. Және осы уақыт аралығында қайта тексеріледі. Министрлік өкілдерінің мәлімдеуінше, егер талапкердің заңсыз әрекетке барғаны расталса, жинаған ұпайы жойылады.


Дидар Смағұлов, ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы:

- Бір жемқорлық фактілері болса өз жалақымнан 100 мың теңге беруге дайынмын. Уотсап арқылы, телеграм арқылы, фейсбук арқылы. Жалақым өзі 500 мың теңге. Ешкімге айтпаймын. Қызметкерлерімнің адал екенін білемін. 8 ай бойы жұмыс істедім. Осы орталықта. Және күмәнім жоқ. Бірақ бар болса тиісті шаралар қолдануға дайынмын. Ақпарат көзі: 24.kz

© 1999-2019  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon