Search

Мектептерге экология пәні енгізіледі

Қазақстанда мектеп бағдарламасына «Экология сағаты» атты пән енгізіледі, деп хабарлайды "Современное образование" журналының тілшісі.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келген ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев педагогтармен жүздесу барысында айтты.

Өскемендегі алдыңғы қатарлы мектептердің бірі саналатын №46 білім мекемесіне тоқтаған Үкімет басшысының орынбасары, оқушыларды қоршаған ортаны қорғауға тәрбиелеу керектігін айтты.

– Оқушылардың терең білім ғана емес, эстетикалық тәрбие алуы да өте маңызды. Саналы ұрпақ табиғатты аялай білуі тиіс. Осы мақсатта келесі жылдан бастап мектептерге «Экология сағаты» пәні енгізіледі, – деді Бер

дібек Сапарбаев.

© 1999-2019  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon