Search

Адалдық туралы дәріс оқылды


Ақтауда Мемлекеттік басқару Академиясының Маңғыстау облыстық филиалында лекторлық пул мүшелеріне арнайы дәріс оқылды.

Дәрісте ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының жүзеге асырылу барысы туралы айтылып, «Маңғыстау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметі мен бағыттары бойынша кең көлемде түсінік берілді.

Дәрістің басты мақсаты - кәсіби мемлекет құру жолында қоғамды адалдық пен парасаттылық қағидаттарына тәрбиелеу.

Осы мақсатта Департамент жанынан қоғамның белсенді өкілдері мен жастардан, ЖОО оқытушыларынан құрылған лекторлық пул мүшелері облыс көлеміндегі барлық білім беру мекемелерінде, еңбек ұжымдарында парасаттылық мектептері негізінде тұрақты түрде жұмысын жүргізетін болады.

© 1999-2019  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon