Search

100 жаңа оқулықты тегін оқитын порталға 170 мыңнан астам адам тіркелді


Қазақстанның ашық университеті – «OpenU» жобасына 170 мыңнан астам пайдаланушы тіркелді.


Бұл туралы «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма басшысы Думан Жанпейісов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«100 жаңа оқулық» жобасы аясында мемлекет тарапынан оқулықтарды көпшілікке тарату бойынша үлкен жұмыс атқарылды. Сондықтан, бұл кітаптар еліміздің оқу орындары мен кітапханаларына жеткізіліп қана қойған жоқ, OpenU арнайы порталы ашылды. Порталда кез келген адам осы еңбектермен танысып, оқи алады», - деді Д. Жанпейісов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.


Сонымен бірге порталда жинақталған еліміздің жетекші мамандарының дәрістері баршаға қолжетімді.


«Кей еңбектер жүздеген беттерден құралған және адамдардың барлық контентті оқуға уақыты болмауы мүмкін. Мұнда мемлекет еліміздің жетекші ғалымдарын шақырып, белгілі бір ғылымдар бойынша негізгі білімді қысқаша қорытындылаған формада ұсынады. Порталда еліміздің жетекші ғалымдарының бейнедәрістерін көруге болады. Бұрындары жоғары білікті мамандардың дәрісі барлық ЖОО-ға, барлық студентке бұйыра бермейтін. Ал мұнда кез келген оқу орнының кез келген студенті өзін қызықтырған сала бойынша дәрістерді қарай алады. Аталған ресурсқа 120-дан астам ЖОО, 100-ден астам колледж қосылған, 170 мыңнан астам қолданушы тіркелген. Бұл – өз келешегі үшін жаңа білімге сусаған үлкен топ», - деп түсіндірді спикер.



Автор: Айжан Серікжанқызы



#Білім #100 жаңа кітап жобасы


© 1999-2019  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon