Search

Қашықтан оқыту: Кейбір ЖОО-ларда қандай кемшілік бар


ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова қашықтан оқыту кезінде кейбір ЖОО-лар академиялық саясатын дұрыс жүргізбей келетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Қазіргі кезде жоғары оқу орындары қашықтан білім беріп жатыр. Тексеру барысында қашықтан оқыту кезінде де сабақ болмай жатқанын байқадық. Кейбір жоғары оқу орындары өздерінің академиялық саясатын дұрыс жүргізбей келеді. Студенттер сабаққа қатыспай-ақ, нәтижесінде емтиханды тапсырып, баға алады. Сонда қандай маман шығады?», - деді Г. Көбенова Орталық коммуникациялар қызметінде.


Оның айтуынша, осындай кемшіліктер болған жағдайда заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.


«Ең бастысы, жоғары оқу орындарының мақсаты – академиялық дербестікті дұрыс пайдалана отырып, заңнама талаптарын орындау мен сапалы білімді қамтамасыз ету», - деді комитет басшысы.


Бұдан бұрын хабарланғандай, Гүлзат Көбенова кейбір жоғары оқу орындарында анықталған кемшіліктерді айтты.



Автор: Руслан Ғаббасов


#ЖОО #ҚР Білім және ғылым министрлігі #Карантин


© 1999-2019  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon