Search

Қазақстан мен Португалия университеттері туризм саласында ынтымақтастық орнатады


Қазақстанның Португалиядағы Елшілігінің қолдауымен онлайн режимде Халықаралық туризм және қонақжайлық университеті мен Алгарве университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.


Қол қою рәсімінде Халықаралық туризм және қонақжайлық университетінің басқарма төрағасы - ректоры Майнюра Мурзамадиева құттықтау сөзімен сөйледі.


Португал тарапынан осы іс-шараға Алгарве университетінің ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Александра Теодосио және Алгарве университетінің Менеджмент, туризм және қонақжайлық жоғары мектебінің директоры Александра Гонсалвес қатысты.


Сұхбат барысында тараптар туризмді дамыту және ұлттық туристік өнімді насихаттау бойынша тәжірибе алмасуға қызығушылық танытты.


Туризм үшін кадрлар даярлау және осы саланы басқарудың заманауи әдістерін енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылады. Академиялық байланыстар мен бірлескен білім бағдарламаларын дамытуға қызығушылығы білдірілді.


Құжат оқыту, зерттеу және тәжірибе алмасу мақсатында студенттермен, профессорлық-ағартушы құрамымен алмасуды, сондай-ақ туризм мен қонақжайлылық индустриясын дамыту бойынша бірлескен конференциялар, семинарлар өткізуді көздейді.


Университетьнр арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою екі ел арасындағы мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға жағдай жасайды.


Меморандумға қол қою рәсіміне Қазақстанның Португалиядағы Елшісі Дәулет Батырашев қатысты.


Ақпарат көзі: inform.kz



#Қазақстанның сыртқы саясаты #Дипломатия #Білім

© 1999-2019  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon