Search

Қазақстандық оқушылар мен студенттер қалай оқиды


Оқу жылының III тоқсанынан бастап бітіруші сыныптардың оқушыларына мектепке баруға рұқсат етілді. Бұл туралы премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысында айтылды.


«Оқу жылының III тоқсанынан бастап бітіруші сыныптар үшін (9,11,12 сыныптар) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, аралас оқыту (пәндердің 70%-ін – дәстүрлі форматта, 30%-ін – қашықтан) қарастырылсын», – делінген.


Сондай-ақ мектеп оқушыларының біліміндегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда жеке консультация ұйымдастырылатын болады.


Ал колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттері үшін ІІ семестрде аралас оқыту басталады.


Ақпарат көзі: 24.kz

© 1999-2019  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon