Search

Қазақстанда қанша ЖОО және студент бар


2020/2021 оқу жылының басына Қазақстан Республикасында филиалдарын қоса алғанда 129 жоғары оқу орны жұмыс істейді. 33 ЖОО – мемлекеттік, 92-сі – жекеменшік, 4-еуі – шетелдік меншік нысаны, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


ҚР Старатегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының ақпаратына сәйкес, ЖОО-лардағы студенттердің жалпы саны 576 557-ні құрайды. Олардың ішінде қыздардың саны - 306 799 немесе 53,2%.


Биылғы оқу жылында студенттердің саны өткен оқу жылымен салыстырғанда 4,6% төмендеген. Барлығы оқуға 152 789 адам қабылданды. 115 186 адам түрлі себеппен оқыту мерзімі аяқталғанға дейін ЖОО-дан шығарылған, бітіргендер саны – 153 627.


Студенттердің жалпы санынан 83% күндізгі бөлімде оқиды, 7,6% – қашықтан, 7,3% – сырттай және 2% – кешкі.


Мемлекеттік білім беру гранттарының есебінен 196 084 адам білім алуда, бұл студенттердің жалпы санының 34% құрайды, ақылы негізде – 380 473 адам немесе 66% оқиды.


Мемлекеттік тілде оқитын студенттердің үлесі - 64,9%, орыс тілінде - 29,6% және ағылшын тілінде 5,5% құрады.


Бітірген білікті мамандар 153 627 адамды құрады, бұл 2019/2020 оқу жылымен салыстырғанда 8% (142435 адам) артты.


Штаттағы профессорлық-оқытушылық құрамның саны 36 307 адамды құрайды, соның ішінде қоса атқарушылықпен 6137 оқытушы жұмыс істейді. Жалпы профессорлық-оқытушылық құрамнан 8,1% қызметкерлердің ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар, ғылым кандидаты – 31,7%, профессор атағы – 6,3% және доцент – 14,7%. Магистр академиялық дәрежесі бар оқытушылардың саны – 13067 адам немесе 36%, философия докторы (PhD) және бейін бойынша доктор – 3079 адам немесе 8,5%.


Автор: Мира Төлендіқызы


#Білім #ЖОО #Қоғам #Статистика

© 1999-2019  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon