Search

Ғалымдар қысқа мерзімде COVID-19-ға қарсы вакцинаны қалай жасады


Әлем ғалымдары вакциналармен жұмыс істеу барысында коронавирустың басқа да белгілі түрлері туралы мәліметтерді пайдаланды. Зерттеушілер бірнеше жылдар бойы ұқсас вирустарға қарсы вакциналар әзірлеумен айналысты.


Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.


Аталған жұмыстар барысында алынған мәліметтер COVID-19-ға қарсы вакциналар дайындауға пайдасын тигізді.


Әдетте, үміткер-вакцина бар кезде сынақ кезеңдері үздіксіз, кейде үзілістермен жүргізіледі.


Адамдар арасында инфекцияның жоғары жұғу деңгейі туралы деректер жинауды жылдамдатуға мүмкіндік берді. COVID-19-дың көптеген жағдайларының салдарынан клиникалық зерттеулерге қатысушылар коронавирус инфекциясын тез жұқтырды, сондықтан нәтижелер де қысқа мерзімде дайын болды.⠀


Өзге де маңызды себептер:

- Ел Үкіметтері зерттеулер мен сынақтар жүргізуге ірі көлемде қаржы жұмсады;

- Сынақтың барлық кезеңдерінде вакцинациядан өтуге ниет білдірген еріктілер саны көп болды;

- Деректерді талдау мен ғылыми рецензия процестің барысында үздіксіз жүргізілді;

- Вакциналар өндірісі үшінші кезеңнің соңына дейін дайын болды.⠀



#Ғылым #Медицина #Коронавирус #Вакцина


© 1999-2019  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon