Search

Президент тапсырмасы: болашақ педагогтарға қойылатын талап күшейтіледі


Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасына Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық кеңес алаңында айтқан тапсырмаларының тағы бір сыпырасы жүзеге асқанын жазды.


Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 3-отырысында педагог мамандығына оқитын студенттердің шәкіртақысын көтеру туралы тапсырма берілгенін еске салды.


«Педагогика мамандықтарына түсуге қойылатын талаптарды кезең-кезеңімен арттыру қажет. Мамандықтың беделін биіктету мақсатында болашақ ұстаздардың шәкіртақысын 26 мыңнан 42 мың теңгеге дейін көтеру керек», - деген болатын Қасым-Жомарт Тоқаев.


Жазбада педагог мәртебесін көтеру бағытында атқарылған өзге де игі істер туралы мәлімет берілген.


Атап айтсақ, педагогикалық бағыт бойынша оқуға түсу үшін ҰБТ-ның шекті балы 60-тан 70-ке көтерілгені, шәкіртақыны арттыру үшін 2020-2023 жылдарға республикалық бюджеттен 17,6 млрд теңге бөлінгені, докторанттардың шәкіртақысы 104 498 теңгеден 150 мың теңгеге артқаны нақты көрсетілген.


Ақпарат көзі: 24.kz


#Президент #Білім

© 1999-2019  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon