Search

Президенттің техникалық және кәсіби білім беруге қатысты тапсырмалары орындалды


Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасына Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық кеңес алаңында айтқан тапсырмаларының тағы бір парасы іске асқанын жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Ол Мемлекет басшысының Ұлттық қоғамдық сенім кеңесте техникалық және кәсіби білім беруді белсенді дамыту тапсырма берілгенін еске салды.


«Техникалық және кәсіби білім беруді белсенді дамыту керек. «Жас маман» жобасының аясында біз 180 колледждің материалдық-техникалық базасын жаңартамыз. Тегін кәсіби техникалық білім беру бағдарламасы жыл сайын 100 мың студентті қамтып отыр», - деп мәлім еткен Президент.


Техникалық және кәсіби білім беруге қатысты бірқатар тапсырма орындалды.

«- 2020 жылдан бастап «Жас маман» жобасы жүзеге асырылып жатыр;

- Жалпы сомасы 22,1 миллиард теңгеге 80 колледж заманауи құралдармен жабдықталды;

- 2021 жылы 100 колледждің оқу-өндіріс шеберханаларын жабдықтау үшін 28,9 миллиард теңге бөлу жоспарланып отыр;

- Колледждер кадр дайындау ісіне халықаралық тәжірибелерді өндіріп, өз салалары бойынша біліктілік орталықтарына айналуы қажет», делінген хабарламада.


#Президент тапсырмалары #Ұлттық кеңес


© 1999-2019  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon