Search

Пандемия басталғалы жоғары оқу орындарының шығыны өсті


Пандемия басталғалы жоғары оқу орындары студенттерді қашықтан оқытып келеді. Оқытудың мұндай форматы ЖОО-лардың бюджетіне қалай әсер етті? Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Неліктен студенттердің оқу ақысы төмендемейді деген сұрақ бізге бұрын да жолданған еді. Бұл ретте неге мән беру керек? Жоғары оқу орындары мен колледждер қашықтан оқыту форматына көшкен кезде осы білім беру ұйымдарының шығыны шынтуайтында өспесе кеміген жоқ. Неліктен? Ең алдымен оларға сапалы цифрлық контент құрып, цифрлық білім беру платформаларын ұстап тұру үшін қаражат қажет болды. Одан бөлек ЖОО-лар мен колледждер оқыту форматына жаңа амал-әдістерді жолға қоюға міндеттелді. ЖОО-лар туралы айтар болсақ, оларға осынау күрделі жағдайда серверлік, байланысты және интернет жылдамдығын арттыру міндеті жүктелді. Интернет жиілігін жылдамдатпаса студенттерге білім беру қиынға айналар еді», - деді вице-министр.


Мирас Дәуленов оның үстіне ЖОО-лардың басшылығы мұғалімдерге айлығын төлеу міндетін де орындағанын атап өтті.


«Мысалы сол білім беру ұйымдары тұрған нысандар ешкімге жалға берілген жоқ. Тиісінше оны ұстап тұрудың өзі де қаражатты талап етері сөзсіз. Сондықтан осы шығындардың бәрін қоса, Білім және ғылым министрлігі оқу жылы басталар алдында ЖОО басшыларына оқу ақысын қымбаттатпауы керектігі туралы хат жолдады. Осылайша, ЖОО-лар оқу ақысын қымбаттатқан жоқ», - деді ол.


Автор: Аян Бекенұлы


#ҚР Білім және ғылым министрлігі #Коронавирус #Карантин

© 1999-2019  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon