Search

Мәулен Әшімбаев: Білім беру жүйесі әлемдік трендтерге сәйкес қайта құрылуы тиіс


ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Сенат жанындағы Жас сарапшылар клубының кезекті отырысын өткізді. Онда қазақстандық білім және ғылым мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Сенат төрағасы кездесуді аша келіп, аталған тақырыптың маңыздылығын атап өтті және осы саланы дамытудағы кейбір трендтерге тоқталды.


«Қазақстанның білім және ғылым жүйесінің қалыптасуы мен дамуы біздің мемлекетімізде әрқашан басымдықтардың бірі болып келеді. Еліміз Президентінің қыркүйек айындағы Жолдауында бірқатар маңызды тапсырма алға қойылды. Жалпы алғанда, елімізді жаңғырту бағдарламалары аясында осы салаға баса назар аударылып отыр», - деді Мәулен Әшімбаев.


Сенат төрағасы COVID-19 білім беру жүйесінің жұмысының қызметіне елеулі проблемалар туындатқанын атап өтті. Сонымен бірге, пандемия оқытуда жаңа әдістерді енгізу мүмкіндігі мен енгізу керектігін, ал қашықтан білім беру әлеуетін кеңінен қолдану керек екенін көрсетіп отыр.


М. Әшімбаев сондай-ақ білім беру саласындағы әлемнің барлық елдеріне тән мазмұнды өзгерістерге тоқталды.


Іс-шараға ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қатысты. Ол салалық мекемеде атқарылып жатқан жұмыстар мен Мемлекет басшысының білім беру жүйесін реформалау жөніндегі тапсырмаларының орындалуы туралы айтып берді.


«Біз жаңа әлемде, жаңа жағдайда өмір сүріп жатырмыз. Білім беру жүйесі де оған бейімделуі керек. Мәселе жаңа реформалар жүргізу емес. Бізге барлық өзгерістердің тиімді болғаны, қазақстандықтардың білім деңгейі арта түскені, уақыт талабына сәйкес келетін құзыреттерді қалыптастыруға жағдай жасалғаны маңызды», - деп атап өтті министр.


Сенат баспасөз қызметінің мәліметінше, жас сарапшылар клубының отырысы барысында пікірталасқа қатысушылар қазақстандық білім мен ғылымның өзекті мәселелері бойынша өз пікірлерін ортаға салды.


Youth Corps Projectтегі мониторинг және бағалау жөніндегі сарапшы, әлеуметтанушы Камила Ковязина орта білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу аясында мұғалімдердің біліктілігін арттыру мәселелері туралы айтып берді.


Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі, саясаттанушы Индира Рыстина жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мәселелеріне тоқталды.


Kzhol қайырымдылық қорының қамқоршылық кеңесінің мүшесі Диана Ерлан ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған білім беру саласын дамыту жөніндегі өз ұсыныстарын ортаға салды. Ал Ұлттық биотехнология орталығының адам генетикасы зертханасының меңгерушісі Мақсат Жабағин Қазақстанда ғылыми кадрлар даярлаудағы өзекті мәселелерді атап өтті.


Автор: Руслан Ғаббасов


#Парламент #Сенат #Білім

© 1999-2019  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon