Search

Мұғалімдердің біліктілігін компьютерлік бағдарлама қадағалайды


Елімізде педагогтердің Ұлттық біліктілік тест тапсыруын компьютерлік бағдарлама қадағалайды. Бұл жайында Ұлттық тестілеу орталығының бұрынғы директоры Дидар Смағұлов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Бүгінгі күннен бастап компьютерлік бағдарламамыз педагогтердің Ұлттық біліктілік тестілеудегі құқық бұзушылықтарын да қадағалайтын болады. Балаларымызды өз пәнін білмейтін, тестілеуде көшіруге тырысатын, тәртіпсіз мұғалімдерден қорғайық», - деп жазды Дидар Смағұлов facebook парақшасында.


Айта кетейік, кеше ғана Дидар Смағұлов Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры қызметінен кеткен болатын. Ендігі уақытта ол ҚР Білім және ғылым министрінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі лауазымын қосымша алып жүрмек.


Автор: Марлан Жиембай


#Білім


© 1999-2019  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon