Search

Мемлекет басшысының қашықтан оқуға қатысты тапсырмалары орындалды


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысының қашықтан оқуға қатысты бірқатар тапсырмасы орындалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Мемлекет басшысы «Қашықтан оқу жүйесіне көшкен кездегі ең маңызды құралдың бірі - электронды оқулықтар болмақ. Білім және ғылым министрлігі оқулықтарды ведомствоның ақысыз құқықтарын бекітіп бере отырып, оларды кезең-кезеңімен цифрлық форматқа көшіру жоспарын әзірлеуге тиіс» деген болатын.


Отандық баспалар мен оқулықтардың электронды нұсқаларын ақысыз пайдалану мәселесі келісілді», - деп жазды Берік Уәли Facebook парақшасына. Оның айтуынша, 1-11 сыныптарға арналған барлық электронды оқулықтар Білім және ғылым министрлігінің сайтында жарияланды.


«Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде колдедждердің 100%-ы отыздан астам платформаға қол жеткізе алады. 21 000-нан астам цифрлық ресурстарды қамтитын каталог құрылды. 12 368 бейнесабақ, 3 848 электронды оқулық, 5 771 қосымша материал, 30 368 ұстаз ІТ құзіреті бойынша біліктілігін арттырды. Қашықтан оқу платформаларя мен бағдарламаларын пайдалана отырып 20-дан астам нұсқаулық әзірленді», - дейді ол.


Автор: Зарина Қаһарман



#Білім #Президент тапсырмалары


© 1999-2019  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon