Search

Жазғы демалыс: Елордалық оқушыларға қандай жобалар әзірленді


Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазинова елордалық оқушыларға жазғы демалысын ұйымдастыру шараларын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Биыл балалар үшін жазғы демалыс ҚР Білім және ңылым министрлігі ұсынған «Қазақстан балалары – жазды қуанышқа толтырайық» тақырыбымен ұйымдастырылады. Балаларымыз үшін жазғы демалыс науқаны барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, 1-30 маусым аралығында Оқушылар сарайлары жанында жазғы демалыс академиясында, көркем және муызкалық мектептерде, техникалық және шығармашылық орталықтарда, «Арт тұмар» орталығында үйірмелер мен секциялардың ашылуымен басталады», - деді Р. Иманғазинова елорда әкімдігінде өткен онлайн брифингте.


7 маусымнан 10 тамызға дейін әрқайсысы 10 күннен 5 маусымдық қала сыртындағы екі лагерь ашылады. Бұл – 200 орындық «Арман» туристік сауықтыру кешені және 160 орындық «Боровичок» сауықтыру лагері. Өңір қызыл аймақта болған кезде лагерь толымдығы 30 пайызға дейін, сары аймақта – 50 пайызға дейін шектеледі, ал жасыл аймақта еш шектеу болмайды.


«Балалар лагерлері жұмысына колледждердің білім алушыларынан құралған педагогилкалық жасақтар белсенді тартылады. Әрбір мектеп жаппай оқыту қоры аясында ҚР Үкіметінің №64 Қаулысына сәйкес, лагерьлерге тегін баратын балалардың жеңілдікті санаттарын анықтайды», - деп түсіндірді басқарма өкілі.


Бұдан басқа, 1 маусым мен 25 тамыз аралығында балаларға білім беру ұйымдары базасында онлайн алаңдар қолжетімді болады. Нақты құрылған жұмыс балаларға таңертеңнен бастап, қызықты және пайдалы білім алуға мүмкіндік береді. Мұнда балалар өздерін IT-бағыттардың әр түрлі рөлдерінде сынап көре алады. Бағдарламалау, дизайн, жүйелік басқару, ойындар әзірлеу және басқа да бағыттар болады.


«Осы жаздың ерекшелігі – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын қатаң талаптар. Осыған байланысты, біздің барлық мекемелеріміз қосымша ұйымдар мен қала сыртындағы лагерьлер базасындағы жұмысты ұйымдастыру бойынша барлық санитарлық нормаларды сақтау үшін қажетті материалдармен және жабдықтармен жасақталған», - дейді Римма Иманғазинова.



Автор: Айжан Серікжанқызы



#Нұр-Сұлтан #Білім


© 1999-2019  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon