Search

Елімізде 63 мың студент жатақханаға мұқтаж


Елде жатақханаға мұқтаж студенттердің саны 63 мыңнан асып жығылады, деп хабарлайды «Хабар 24».


Әсіресе, Алматыда 20 мың, елордада 17 мың орын жетіспейді. Мамандардың айтуынша, жатақханаға зәру студенттердің саны одан сайын ұлғая түспек. Мәселені шешу үшін Білім және ғылым министрлігі арнайы жобаны қолға алды. Атап айтқанда, мемлекет пен жеке меншік әріптестіктің негізінде инвесторлар тартпақ. Ол үшін құрылыс кезінде бір студентке шақталған мемлекеттік тапсырыстың жылдық құны 122 айлық есептік көрсеткішке тең. Ал, дайын ғимаратты жаңғыртып, жатақханаға айналдырар болса 47 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді. Жалпы бұл мақсатта ел қазынасынан 152 млрд теңге қаралған. Бүгінде жатақхана құрылысы мен жаңғырту жұмыстарын жүргізуге 79 келісімшарт жасалды. Осының арқасында студенттер тағы 29 350 орынмен қамтылмақ.



#Білім

© 1999-2019  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon