Search

Білім министрі студенттермен тоқсан сайын кездесіп, өзекті мәселелерін өз бақылауына алмақ


Білім және ғылым министрлігінің жанынан құрылған Студенттік кеңестің алғашқы отырысы өтті. Бұл туралы министр Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


«Бір ай бұрын студенттермен кездесу кезінде министрлік жанынан Студенттік кеңес құрылатынын айтқан болатынмын. Оның құрамында әрбір ірі ЖОО-ның студенттері арасынан бір көшбасшы және республикалық жастар ұйымынан бір көшбасшы болады. ЖОО атынан қабылданған көшбасшылар студенттік өзін-өзі басқару органдарының төрағалары болуы керек», - деп жазды министр.


Оның айтуынша, студенттер мәселелері жөніндегі кеңестің отырыстарында жастардың бастамаларын дамытуға және студенттерді қолдауға қатысты сұрақтар, БҒМ құзыретіне кіретін барлық мәселелер бірге талқыланады. Көшбасшылар маңызды мәселелерді көтеріп, министрлікке өз идеяларын тікелей бағыттауға мүмкіндік алады. Республикалық кеңестің әр жиналысына министрдің өзі қатысып, сұрақтарды талқылап, студенттермен бірге шешім қабылдамақ.


«Белгіленген алғашқы отырыста біз жастармен танысып, болашаққа жоспарларды талқылап, жүйелі түрде өзара жұмыс жүргізуге келістік. Өз кезегімде жастар ұйымдары мен ЖОО көшбасшыларына атқарылып жатқан жұмыстар туралы айттым. Олар: шәкіртақыны арттыру, оқыту сапасына қатысты мәселелер, ЖОО-ларды оңтайландыру, студенттік жатақханалар салу және тағы басқа мәселелер. Студенттер мәселелері жөніндегі кеңестің келесі отырысын Жаңа жылдың қаңтар айында өткізуді жоспарлап отырмыз. Біз жастармен ең өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешудің нақты стратегиясын жасаймыз. Мұндай кездесулер әр тоқсан сайын өткізілетін болады», - дейді министр.


Автор: Аян Бекенұлы



#Білім #ҚР Білім және ғылым министрлігі

© 1999-2019  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon