Search

«Болашақ» бағдарламасының талаптары күшейтілді


«Болашақ» халықаралық бағдарламасына үміткерлердің мемлекеттік тілді игеру деңгейіне қатысты талаптар күшейтілді.


Бұл туралы Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті Айнұр Кәрібозова айтты. Конкурстық іріктеуге тіркелу, талап етілетін құжаттар тізімі барынша оңтайландырылған. Биыл алғаш рет еліміздің 500 ғалымы «Болашақ» бағдарламасы бойынша әлемнің жетекші жоғарғы оқу орындарында тағылымдамадан өте алады. Іріктеу қараша айына дейін созылады. 2021 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға 1055 стипендия бөлінді. Конкурстық іріктеуге тіркеу е-гов порталы арқылы жүзеге асырылады. Ал кешенді тест онлайн өтеді. Тесттің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында аудио-видеобақылау жүргізіледі. «Болашақ» бағдарламасы ашылған 28 жылда Қазақстанның 14 мыңнан астам азаматы шетелде білім алып, елімізде түрлі салада еңбек етіп жүр.


Айнұр Кәрібозова, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті: - Үміткерлерге мемлекеттік тілді игеру деңгейіне деген талаптар біршама көтерілді. Соның ішінде үміткерлер 20 жылдан бастап осы жылы да құжаттар топтамасын дайындағанда өз бетімен Ұлттық тестілеу орталығының кестесіне тіркеліп, ең төмен талап етілген деңгей В1 сертификатынан кем емес көрсеткішті қамтамасыз ету керек. В1 сертификаты бұл тесттегі 150 сұрақтың кем дегенде 105-ін дұрыс жауап беруге сәйкес көрсеткіш.


Источник: 24.kz

© 1999-2019  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon