Search

Атыраулық оқушылар картоп қабығынан биопластик өндірді


Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары картоп қабығынан биопластик өндіруді ұсынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Аталған білім ордасының оқушылары Хадиша Сагенова мен Нұрай Қоспаева күнделікті азық ретінде қолданылатын картоптың қабығынан биопластик өндіру жобасын әзірлеген. Қос жасөспірім бұл жобаны карантин кезіндегі 9 айда үй жағдайында жүзеге асырған.


Жобада қолданылатын ингредиенттердің барлығы қауіпсіз. Оқушылар тәжірибенің негізгі компоненті ретінде картоптың қабығын, дәлірек айтсақ крахмалды алған.


«Биопластиктің құрамына әр үйден табылатын реагенттер мен өсімдіктердің қалдығы қолданылады. Біз бұл жобамыз арқылы қоршаған ортаны қалдықтан тазартып, ауа сапасын жақсартуға арналған БҰҰ-ның Тұрақты даму саласын қолдауды көздейміз», – дейді жоба авторлары Хадиша мен Нұрай.


Оқушылардың айтуынша, қазір биопластиктің құрамы жетілдіріле түспек. Мақсат – шикізатты қайта өңдеу арқылы қоршаған ортаға келетін залалды азайту. Бұл үшін жаңа өнімге полипропилен мен полиэтилен қалдығын қосу көзделген.


Еске сала кетелік, бұдан бұрын атыраулық оқушылар Telegram-да кітапхана ашқан болатын.


Автор: Бек Мұстафа



#Атырау облысы #Білім #Ғылым #Қоғам #Аймақ


© 1999-2019  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon