Search

Атыраудағы ауылда тігін ісіне оқытатын орталық ашылды


Атырау қаласының іргесіндегі Томарлы ауылында тігін ісіне оқытатын орталық ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Атырау қаласының әкімдігі орталық үшін арнайы орын ұсынған. Ал, іс тігетін машинкаларды облыстық мәслихаттың депутаты, «Азаматтық Альянс» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Әлібек Семғалиев сатып алып берген.


«Бұл – кішкентай балаларын тәрбиелеп отырған, мүмкіндігі шектеулі әйелдерді жұмыспен қамтудың бір түрі. Енді сондай әйелдер киім тігуді үйренуге, отбасылық бюджетін толықтыруға жақсы мүмкіндік алып отыр» - дейді Әлібек Семғалиев.


Аталған орталық жетекшісі Гүлсім Биташеваның айтуынша, іс тігу курсына 15 әйел жазылған. Оның ішінде үш әйел – ІІ топтың, бір әйел – ІІІ топтың мүгедегі. Үшеуі – көп балалы ана. Енді олар тегін дәріс алады.


«Киім тігу бизнесі – шығармашылық, дизайнерлік идеяларды жүзеге асыратын мүмкіндіктің бірі. Мұндай қызмет түрі табыс табудың көзі бола алады. Мұнда әйелдер отбасы мүшелері үшін қажет киімнің түрлерін пішуді, тігуді үйренеді. Қазақтың ұлттық киімдерін тігу тәсілдерін меңгереді» - дейді Гүлсім Биташева.


Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда бұрынғы тойхана тігін цехына айналған болатын.


Автор: Бек Мұстафа


#Атырау облысы #Білім #Аймақ

© 1999-2019  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon