Search

Асхат Аймағамбетов: Мемлекет меншігіндегі ЖОО-ларды жекешелендіруге болмайды


Мемлекет меншігіндегі жоғары оқу орындарын жекешелендіруге болмайды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Жоғары оқу орындары мемлекеттік кәсіпорындардан акционерлік қоғамдарға өзгергеннен кейін академиялық ортада университеттерді жекешелендіруге байланысты түсініспеушіліктер пайда болды. Әсіресе, бұл мәселені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Сәтбаев университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ оқытушылары көтерді», - деп жазды министр Facebook парақшасында.


Оның атап өтуінше, Білім және ғылым министрлігі аталған мәселені түпкілікті шешу үшін заңға түзетулер енгізуге бастамашылық жасаған.


«Енді 100 пайыз мемлекеттің меншігіндегі жоғары оқу орындарын жекешелендіруге мүмкіндік болмайды. Демек бұл университеттер мемлекеттің меншігінде қалады. Бұл заң жобасы енді Сенатта қаралады. Егер сенаторлар қолдаса, Мемлекет басшысының қарауына жіберіледі», - деді Асхат Аймағамбетов.


Автор: Марлан Жиембай


#Білім #ЖОО #ҚР Білім және ғылым министрлігі


© 1999-2019  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon