Search

Астаналық оқушылар халықаралық ғылыми жобалар конкурсында үздік атанды


Халықаралық ғылыми жобалар сайысында елордалық оқушылар үздік атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


Қалалық білім басқармасының мәліметіне сенсек, Б разилияның Ново-Гамбург қаласында «MOSTRATEC» атты 35-ші халықаралық білім көрмесінің аясында идеялар мен зерттеу жұмыстарының басын қосқан ғылыми жобалар жарысы өткен.


Пандемияға байланысты қашықтан өткізілген сайысқа 35 елден үміткерлер, 752 жоба қатысты.


Оның ішінде Қазақстан мектептерінен 25 оқушы бақ сынады.


Конкурс нәтижесінде Нұр-Сұлтан қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицейінің оқушылары үздіктер қатарынан көрінді.


Алтын медальды - Алиханов Рахим, Дүйсенбаев Альфараби жеңіп алса, Сулейменов Алмат пен Жамбул Темірлан - күміс медаль,Түменбай Бакжан, Уржанов Арон, Аленов Ерасыл қола медальды иеленіп, жеңімпаз атанды.


#Нұр-Сұлтан #Білім

© 1999-2019  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon