Search

Алматы облысында білім саласына компьютер сатып алуға 12,3 млрд теңге бөлінген


Алматы облысында білім саласына 80 мың компьютер сатып алу үшін 12 млрд 300 миллион қаржы бөлінген. Оның 8,3 млрд теңгесі – республикалық, 4 млрд теңгесі – жергілікті бюджет қаражаты. Бұл жөнінде Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Қоғамдық кеңес өкілдері алдындағы есебінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.


2020 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы жиын онлайн форматта өтті. Шараға 100 ден аса адам яғни, Кеңес мүшелері мен депутаттар, аудан әкімдері қатысты.


«Оқушылар мен колледж студенттерінің қашықтан білім алуына барлық жағдай жасалды. 80 мың компютер сатып алу үшін 12,3 млрд теңге қаржы бөлінді. 23 мың 700 оқушыға компьютер уақытша қолдануға таратылды. Ал демеушілер көмегімен 2110 техника берілді», - деді Амандық Баталов.


Сондай-ақ өңір басшысы шалғайда тұратын оқушыларды мектепке жеткізу үшін 1 млрд теңге сомасына 70 жаңа автобус сатып алынғанын айтты.


Айта кетейік, жалпы Алматы облысы бойынша оқушылардың саны 426 мыңнан асады.


Автор: Самал Қабышева


#Алматы облысы #Әкім #Білім #Қоғам #Аймақ


© 1999-2019  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon