Search

«Азаматтарға арналған үкімет» кадр резервіне 353 адам іріктелді


«Азаматтарға арналған үкіметтің» кадр резервіне іріктеу 2021 жылғы 1 наурызда басталып, 30 сәуірде аяқталды.


1-12 наурыз аралығында тіркеуден өткен қатысушылардан 1873 өтінім келіп түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Азаматтарға арналған үкімет» коропорациясының ресми сайтына сілтеме жасап.


Президенттік кадр резервінің тәжірибесін ескере отырып, үміткерлер бірнеше кезеңнен тұратын іріктеуден өтті. Олар тест тапсырып, сарапшылармен сұхбаттасты.


Қорытынды кезеңде үміткерлерді арнайы комиссия іріктеді, оның құрамына ҚР Парламентінің депутаттары, БАҚ өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, HR-мамандары, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, Мемлекеттік корпорацияның директорлар кеңесі мен басқармасының мүшелері кірді.


Нәтижесінде «Дарындылар пулына» 353 адам қабылданды.


«Дарындылар пулы» жобасын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қолдады, ол бізге іріктеу кезеңдерінің барынша ашық өтуін тапсырған болатын. Оған кез келген қазақстандық қатыса алды. Жобаны іске асыру Мемлекеттік корпорацияда меритократия қағидаттарын енгізуге және «әлеуметтік лифт» тетіктерін пайдалануға көмектеседі деп сенемін. Резервке өткендердің тағайындаулары таяу уақытта бос орындар пайда болған кезде жүзеге асырылады», – деді «Азаматтарға арналған үкімет» басқарма төрағасы Әділ Қожықов.


Жобаның басты мақсаты – болашағынан үміт күттіретін қызметкерлерді табу, олардың біліктілігін жетілдіру және алдағы уақытта бос басшылық лауазымдарға ұсыну.

Іріктеуді әзірлеу кезінде «Президенттік Жастар кадр резерві», «Елбасы Академиясының салалық менеджерлері» және «Жас Өркен» сияқты ұқсас жобалардың тәжірибесі ескерілді.


Осылайша, «Дарындылар пулы» Қазақстандағы кадрлар резервін құру бойынша төртінші ірі жобаға айналды.



#Президенттік кадр резерві #ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі


© 1999-2019  "Современное образование" республикалық журналының редакциясы

  • Vkontakte Social Icon
  • Instagram Social Icon